Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 2022 жылғы 21 қаңтар күні вожатыйларға арналған «Көшбасшы бейнесі»тақырыбында вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты — білім беру мекемелерінде мектеп вожатыйлардың әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.
Аталған іс-шарада Ақтөбе қаласы, қалалық оқушылар сарайының педагог- ұйымдастырушысы Суликанова Акмарал Болатовна, «Көкжиек» аға вожатыйлардың клубы: Әрекеттестік. Ынтымақтастық. Тәжірибе бойынша тақырыбында баяндама жасады.
Вебинар барысында келесі тақырыптар бойынша «Вожатыйдың бейнесі» Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназияның вожатыйы Әлайдарова Нәзікай Мұхамедәліқызы, «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы вожатыйлардың үлесі» Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясының вожатыйы Тлеубекова Толкын Тлеубековна, «Вожатый бейнесіндегі ұтқырлық» №3 мектеп-гимназиясының вожатыйы Данияр Әлия Ахмедияқызы өздерінің іс — тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.