Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы аясында «Ұстаздың ұлы келбеті-Ыбырай» атты «Шабыт» авторлық ән байқауы өткізілді.
«Шабыт» шығармашылық байқауы оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген мақтаныш сезімін, тарихи мұраға құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ, Ыбырай Алтынсариннің зияткерлік және рухани әлеміне баулу, авторлық және патриоттық әндердің беделін арттыру; дарынды автор-орындаушыларды анықтау және қолдау; конкурсқа қатысушылардың орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 9 өтінім келіп түсті.
Байқауға педагог-музыканттар, әуесқой композиторлар қатысып, Ы. Алтынсарин өлеңдеріне өздерінің авторлық әндерін ұсынды.
«Ұстаздың ұлы келбеті-Ыбырай» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы қатысушыларды марапаттауға шешім қабылдады:
«Шабыт» авторлық әндер байқауының жеңімпаздары:
- Гран-при — Баударбекова Толғанай, жетекшісі — Едресов Қанат Уалиевич мектеп – лицей №70 (смарт сағат);
- 1 орын — Ерназарова Айымгүл Ғалымжанқызы, орта мектеп №49(бумбокс);
- 2 орын — Тілепберген Хақназар Серікболұлы, жетекшісі — Кикимов Даулеткерей Аблахатулы, мектеп – гимназия №78 (наушник);
- 3 орын — Бақталант Ұлықпанұлы, гимназия №90, Мустафина Айкен Каримовна, мектеп – лицей №72 (арнайы приз).
Конкурс спонсорлары: «Clean City NC» ЖШС, Республикалық қоғамдық бірлестік, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, «Оператор РОП» ЖШС.