Беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №8 «Думан» балабақшасында

2021 жылғы 22 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №8 «Думан» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымда форсайт технологиясын қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шара мақсаты форсайт технологиясын балабақшада қолдану тәжірибесін көрсету болып табылады.

№8 «Думан» балабақшасының әдіскері Л. Гридина форсайт технологиясын балабақшада қолдану жолдарымен бөліссе, аталған ұйым педагогтері мына ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұсынды:

1.«Бутерброд своими руками», «Балдырған» ортаңғы тобының педагогі Т. Маляревич;

2.«Суретшіге көмек», «Ақ қайың» ересек тобының педагогі А. Нурпеисова;

3.«Путешествие в страну математики»

«Алтын дән» мектепалды даярлық тобының педагогі В. Матусевич;

4.«Білім қазынасын іздеу», «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының педагогі Қ. Кусаинова.

Балабақша психологі Д. Тлеубаева семинарға қатысушылармен «Біз – біргеміз, берік іргеміз» тренингін өткізді.

.Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова қорытынды сөзге шығып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жаңа технологияларды тиімді қолдана білуінің маңыздылығын атап өтті.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерін білдірді

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *