Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 13 желтоқсан күні онлайн форматта «Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы инклюзивті орта»тақырыбында вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты – кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары педагогтерінің әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.
Аталған іс-шарада Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Дударева Марина Александровна «Колледж жағдайында ЕБҚ бар студентерді оқыту процесін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар вебинар барысында:
- Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алу;
- Ерекше білім беру қажетілігі бар балаларды (тұлғаларды) колледж жағдайында оқыту тәжірибесі;
- Ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерді еңбек және әлеуметтік бейімдеу;
- Тәлімгерлік – кәсіби табысқа апаратын жол тақырыптарында мамандар іс-тәжірибесімен бөлісіп, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Вебинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.