Арнайы пәндер оқытушыларының тағылымдамадан өтуі

2021 жылдың 22 қараша мен 03 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК, Нұр – Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер Палатасы және Astana IT University арасындағы 3 жақты меморандум аясында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының арнайы пәндер оқытушылары тағылымдамадан өтті.   Тағылымдама Astana IT University базасында 72 сағат көлемінде ұйымдастырылды.

Тағылымдама бағдарламасы білім беру саласын цифрлық трансформациялау жағдайындағы үздік әлемдік практикалар мен инновациялар тәжірибесін қамтыды және Hethon тілінде бағдарламалау және Web – бағдарламалау негіздерін оқытумен байланысты кәсіби құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

         Сабақтарды құзыреттілік және жетілдіру орталығының директоры, Веб-бағдарламалау бойынша жаттықтырушы Токсанов С.Н. және Python бағдарламалау бойынша жаттықтырушы Шарипова С.Е. өткізді.        

Тағылымдамаға қатысушылар IT-технологиялар саласындағы кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берген және тағылымдаманы ұйымдастырудың жоғары кәсіби деңгейі үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған