Бастауыш сынып оқушыларының білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың тиімді әдіс- тәсілдері

2021жылғы 8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы №25 орта мектепте «Бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толықтырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты мен міндеттері:

— бастауыш сынып оқушыларының білім олқылықтарын толықтыру бойынша педагогтердің тәжірибесін тарату;

— білім олқылықтарын толықтыру әдістері мен тәсілдерін зерттеу;

— қатысушылардың бір-бірімен белсенді әрекеттесуі үшін ынтымақтастық атмосферасын құру;

— оның тиімділігін анықтау мақсатында рефлексия ұйымдастыру.

Іс-шарада бастауыш білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Л. Кошанова «Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеу себептері және осы мәселені шешу жолдары», Н. Емельянова «Үлгерімі нашар және үлгерімі төмен оқушылардың ата-аналарымен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мәселелер көтеріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Одан әрі бағдарлама бойынша қатысушылар педагогикалық шеберханаға шақырылып, «Карусель» әдісі бойынша мына мәселелерді қарастырып, зерттеді:

1.«Әдебиеттік оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтарды толықтыру», модератор Н.Б.Сероштан.

2. «Орыс тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтарды толықтыру», модератор А.И.Шароватова.

3. «Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтарды толықтыру», модератор Канапина Б.С.

4. «Жаратылыстану сабағында бастауыш сынып оқушыларының біліміндегі олқылықтарды толықтыру», модератор З.Ж.Байбулина.

Педагогикалық шеберханадан кейін постер қорғау және модераторлардың презентациясы тыңдалды.

Семинар соңында рефлексия «Синквейн» құрастыру түрінде өткізілді. Семинар өз мақсатына жетті. Мұғалімдер білімдегі олқылықтардың себептерін анықтауды үйренді, бастауыш мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтарды жоюдың тиімді әдістері мен тәсілдерін әзірледі.

Білім беруді жаңғырту орталығы атынан тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді. Іс-шараға қатысушылар ауызша және жазбаша кері байланыс беру арқылы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Семинарға Сарыарқа ауданы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің 30 әдістемелік бірлестік жетекшісі қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *