«Мектеп кітапханасындағы бұқаралық жұмыстың дәстүрлі және инновациялық түрлері» тақырыбында шебер-сынып

2021 жылдың 26 қарашасында Білім беруді жаңғырту  орталығымен,  С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясымен жылдық жоспарға сай Сарыарқа ауданы мектеп кітапханашылары үшін «Мектеп кітапханасындағы бұқаралық жұмыстың дәстүрлі және инновациялық түрлері» тақырыбында шебер-сынып өтті.  Шебер-сынып №80 мектеп-гимназиясының директоры Жарменова Гүлмира Серғазықызы ашты.  

Гүлмира Серғазықызы «Оқу мектебі» жобасы мен мектепте өткізілетін ірі бұқаралық іс-шараларды таныстырып өтті. Нұр-сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Бақытжанқызы Егеубаева мектеп кітапханашыларының «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат беріп, жаңа мультимедиялық жобалардың ағымдағы жылғы жұмыс жоспарын баяндады.

«Команда құруға жаттықтыру, эмоционалды күйзелістен арылу, коммуникативті дағдыларды дамыту» тақырыбымен №80 мектеп – гимназиясының психологы Балапанова Гүлсім Серікқызы ұжымды біріктіруге, эмоциялық шиеленісті басуға бағытталған, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған «Бірге көңілді қадам жасау» тренингін өткізді.

№80 мектеп-гимназия кітапхана меңгерушісі Муханова Сабираш Серикқызы заманауи жұмыс тәжірибесімен және мектеп кітапханасында оқушылармен дәстүрлі және инновациялық әдістермен жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісті. Табысты мектеп кітапханаларының жұмысы қазіргі жағдайда ойын, зияткерлік жұмыс түрлері арқылы өтетінін көрсетті.

Ш.Құдайбердиев атындағы № 56 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі «Оқушылардың кітап оқу дағдыларын дамытуға арналған CANVA әдісі» тақырыбында шебер-сынып өткізді.  Қозыбаева Құндыз Тастанбекқызы осы әдісті жұмыста қолданудың әдістерін берді.

№58 мектеп-гимназия меңгеруші Сағила Мерекеқызы Айтмағанбетова  «Шығармашылық пирамида», «Тәтті кітаптар» тақырыптарындағы практикалық жұмыстардың жаңа түрлерін көрсетті.

«Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыптық шебер-сыныпты № 67 мектеп-гимназиясының кітапханасы меңгеруші Оракбаева Айгерим Аманбаевна қызығушылықпен өткізді.

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Жанар Бакытжанқызы Егеубаева  кітапханалық сабақтарды ұйымдастыруда презентация жасауда инфографиканы қолданудың түрлері бойынша толық ақпарат берді.

Шебер-сыныпқа қатысқан қатысушылар инновациялық әдістерді қызу талқылап, спикерлерге ризашылықтарын білдірді. Семинар соңында қатысушылар дәстүрлі жұмыс түрлерін жаңарту арқылы тиімді қызметті ұйымдастыру бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған