«Критериалды бағалау ерекшеліктері» тақырыбында оқу семинары

2021 жылғы 27 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының бастамасы бойынша «Intellect Primary School» мектебінде «Критериалды бағалау ерекшеліктері» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды.

Семинарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Критериалды бағалау моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу түрінде орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова, әдіскер Б. Миралиев және  қатысушылар сөз сөйледі.

Бағалау жөніндегі үйлестіруші С. Есимова презентация бойынша үлестірме материалдармен өнімді жұмыс жүргізді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға жеке тоқталып,  мұғалімдерге кәсіби консультативті көмек көрсетті.

 Практикалық бөлімде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану ғылымдары (математика, жаратылыстану, дүниетану) пәндері бойынша  секция жұмыстары жүргізілді.

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, онда тапсырмаларды, дескрипторларды әзірлеу алгоритмін және бағалау критерийлерін талқылау маңызды мәселе болды. Педагогтер кері байланыс беріп, өз әсерлерімен бөлісті. Іс-шараға жекеменшік мектеп педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған