БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ!

2021 жылығы  02 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №91 мектеп-гимназиясында Білім беру ұйымдарынының басшыларына арналған стратегиялық сессия өтті.

«Өзін-өзі басқару, жетекшілік және көшбасшылық» тақырыбында  өткен сессия отырысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері, Нұр-сұлтан қаласы «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, «Глобал сапа»,  «USTAZ Professional Learning Center» және «Ұлттық ұстаз онлайн Академиясы» оқу орталықтарының, спикерлері сөз сөйлеп,  ұжымды тиімді басқарудың қыр-сырын көрсетті.

Сонымен қатар іс-шара барысында баршаға бірдей білім беру, яғни инклюзивті білім беру мәселесі қозғалып, спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сессия қатысушылары онлайн форматта Грузия елінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерге куә болды.

Сессия соңында отырыс модераторы, Білім беруді жаңғырту орталығы директоры Мадеев Сабыржан Маратұлы алдағы уақытта Директорлар Кеңесін құру туралы ұсыныс айтып, Ережесімен таныстырды. Білім беру ұйымдары басшыларына арналған іс-шаралар өз жалғасын таппақ.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған