Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 27-28 қарашасында Қазақстанның барлық өңірлерінен 8-11 сыныптар арасында 200-ден астам оқушылардың қатысуымен кезекті жыл сайынғы республикалық STEM-олимпиадасы өтті.
STEM олимпиадасы 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. 4 жыл ішінде іріктеу мен олимпиаданың финалдық кезеңіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 14000-нан астам оқушы қатысты.
Олимпиада қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып гибридті форматта өтті.
Олимпиаданың бірінші күні әр қатысушы келесі пәндер бойынша есептерді шешті:
- Бағдарламалау
- 3Д модельдеу
- Робототехника бойынша «Үй тапсырмасы» байқауы, онда қатысушылар өз роботтарын жинап, оларды «Кальмар ойыны» форматында жарыстарға дайындауы тиіс.
Олимпиаданың екінші күні бір конкурстан – жобалық-инженерлік робототехникадан тұрды. Оқушылар өткізілген күні алған бірнеше мәселелерді шешуі керек еді. Екінші күннің байқауы толығымен командалық болып табылды. Командалар ұйымдастырушылар әдісіне сәйкес кездейсоқ түрде құрылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
1 орын Сәрсеке Еділ №48 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
2 орын Божанов Алдияр №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы.
4 орын — Сайранов Санжар № 4 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
4 орын — Маханбет Ерсерік №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 10-сынып оқушысы;
5 орын-Касымбеков Айбар № 73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
6 орын — Есенбай Болатхан №64 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы. Олимпиада жеңімпаздары мен педагогтарді құттықтаймыз!