Жас педагогтің кәсіби өсуі мен шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру

2021 жылғы 26 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы мен Мектепке дейінгі білім беру ассоциациясының әдіскерлері №62 «Нұрсәуле» балабақшасында «Жас педагогтің кәсіби өсуі мен шығармашылық дамуына жағдай жасауды жетілдіру» тақырыбында оқу семинарын ұйымдастырды. Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова аталған іс-шара бағдарламасын таныстырып, мақсаты тәжірибе алмасу арқылы жас педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру  екенін атап өтті.

 Семинарда мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Мектепке дейінгі білім беру ассоциациясының жетекшісі, №38 «Шаттық» балабақшасының әдіскері Ш. Калдыбаева «Әдістемелік десант жас маманды кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында сөз сөйлеп, жұмыс барысында жас мамандарға өзекті  болып табылатын нормативтік құжаттарды таныстырды. №62 «Нұрсәуле» және №5 «Ақбота»   балабақшасының инновация әдіскерлері М. Курмашева,  В. Каренеева «Денсаулық сақтау технологиясы», «Блум таксономиясын әдiстемелiк жұмыста тиiмдi пайдалану» шебер-сыныптарын көрсетті.

№42 «Бәйшешек» балабақшасының әдіскерлері А.Каримова П. Дайрабаева «Педагогикалық кеңестің тәрбие үрдісіндегі рөлі мен орны, атқаратын қызметтері және түрлері», №62 «Нұрсәуле» балабақшасының педагог-психологі А. Ермағанбетова  «Дені сау адам – табиғат байлығы!» атты практикалық жұмыс жүргізді, сондай-ақ  әдіскер Г. Каирбекова «BilimKids.kz»  мектепке дейінгі білім беру платформасында жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.          

Семинар соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға Есіл ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан 30-дан астам жас маман қатысты

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған