Мектептегі әлеуметтік педагогтер мен вожатыйларға арналған әдістемелік көмек

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы 25 қараша күні  №59 мектеп-лицейінде әлеуметтік педагогтерге және вожатыйларға арналған «Мектептегі әлеуметтік педагогтер мен вожатыйларға арналған әдістемелік көмек»тақырыбында офлайн форматта оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог пен вожатыйлардың әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру.

Аталған іс-шарада тәрбие және тұлғаны дамыту бөлімінің басшысы Бекетаева Гүлдана Ескенқызы «Мектеп медиациясы», Сәрсекеева Ботагөз Айсұлтанқызы №30 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогы «Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылық», Мейман Қуанар Шарқанбекұлы №59 мектеп-лицейінің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары «Парасат» дебат клубы, сондай-ақ Есенкелдиев Нұрбек Ерікұлы №59 мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі «Зейн» оқырмандар клубы жобасы бойынша тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері Шаяхметова Анар Ермұханқызы «Мақаланы қалай жазу керек», Айгараева Раушан Ратовна «Оқу – әдістемелік басылымдарға қойылатын талаптар» тақырыбында дәрістер оқыды.

Семинар барысында қатысушылар үшін «Movavi screen recorder бағдарламасы» экранды жазу және түсіру тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді. Семинарға қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті, қойылған сұрақтарды талқылады.

Педагогтер одан әрі ынтымақтастық үшін мамандармен байланыс телефондарымен алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған