«Әр бала махаббат пен құрметке  лайық» тақырыбында семинар-практикум

2021 жылғы 24 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы №89 «Қыз Жібек» балабақшасында заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысы аясында арнайы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Әр бала махаббат пен құрметке  лайық» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырды.

Іс-шара барысында арнайы мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жеке-түзету жұмыстарын ұйымдастыру кезеңін көрсету, тәрбиеленушілерге әр түрлі практикалық тәсілдер мен жаттығуларды қолдану бойынша «Нейропсихологиялық жаттығулардың элементтерін іс жүзінде қолдану»,  «Қарапайым математикалық ойындар және жаттығулар», «Артикуляциялық жаттығулар», «Тыныс алу жаттығулары», «Биоэнергопластикалық жаттығулар» тақырыбында шебер-сыныптар көрсетті.

Семинарда «Болашақ» корпоративтік қоры құрған, «Әр бала  мектепке лайықты» жобасы бойынша ашылған инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысы таныстырылды, «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің қолданыстағы құжаттары» атты көрме ұйымдастырылды.

Семинар-практикумға Есіл ауданы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың 30-дан астам арнайы мамандары (жас мамандар) қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған