Табысты әлеуметтенудің факторы ретінде мектепке дейінгі ұйым  педагогтерінің эмоционалды  интеллектісін дамыту

2021 жылғы 23 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен № 63 «Әсем-Ай» балабақшасында «Табысты әлеуметтенудің факторы ретінде мектепке дейінгі ұйым  педагогтерінің эмоционалды  интеллектісін дамыту» тақырыбында квест-практикум өтті. Эксперименталдық алаң жұмысы аясында өткізілген іс-шара мақсаты балабақша педагогтерінің эмоционалды интеллектісі бағытында жұмыс жүргізудің үйлесімді ортақ тәсілін әзірлеу, эмоцияны дұрыс қабылдап сипаттауға дағдыландыру болып табылады.

Театрландырылған көрініспен ашылған семинар барысында  педагогтер қатысушылармен «Тыныштық ортаны қалыптастыратын жаттығулар», «Эмоционалдық интеллектіні дамыту ойындары» тренингтерін, «Жанжалды жеңілдететін әдістер», «Бәрін білгім келеді!» практикалық жаттығуларын жүргізді, сондай-ақ  «Ұйымдастырылған оқу қызметін  тиімді  көңіл-күйде ұйымдастыру  тәсілдері»   бейне ролигін ұсынды.  

Квест-практикумның қорытынды бөлімінде орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова тақырыптың өзектілігін және педагогтердің қоршаған ортамен байланысы, яғни эмоцияны игере алуының баламен жұмыс жасауда маңыздылығын атап өтті.          Офлайн және онлайн форматта өткен семинарға «International Academy of Emotional Intelligence» директоры А. Муратова, «Астана» Халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің меңгерушісі А. Дюсекеева, ПБК төрайымы А. Койшыманова, «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологі Б. Сейдімхан, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан  100-ден астам педагог қатысты.

One comment

  1. Балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілеймін!!!Биік шыңдардан көріне беріңіздер!!!Өте жоғары деңгейде өтті!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған