Педагогтерді аттестаттау, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)

2021 жылғы 18 қарашада Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №83 мектеп гимназиясының базасында  «Педагогтерді аттестаттау, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған қалалық оқыту семинары өтті.

 Семинар барысында Білім беруді жаңғырту орталығының орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А.Б. Есематова мектепке дейінгі білім берудің жетекші және серіктес ұйымдарының өзара іс-қимылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізгі факторына тоқталды. талдау және мониторинг бөлімінің басшысы А.Е. Рамазанова мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогтерін аттестаттау, біліктілік санаттарын беру талаптарын түсіндіріп кетті.

 Семинар қатысушылары аталған іс – шараның маңыздылығын атап өтіп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған