2021 жылғы 17 қарашада Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде «Көркем еңбек» пәнін оқытуда гендерлік ерекшілігіне қарай топтастыруды болдырмау» атты эксперименттік алаңының жұмыс тәжірибесімен бөлісу бойынша семинар өткізілді.
Семинар жұмысына №№ 2, 27, 35, 37, 50, 53, 56, 58, 59, 60, 62, 65, 66, 67, 68, 70, 72, 73, 74, 77 мектептерден 30-дан астам «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты.
Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің мұғалімдері алты оқу шеберханасынан тұратын «Fablab» зертханасында оқытуды ұйымдастыру процесінің технологиясымен бөлісті:
1) шеберлік аймағы;
2) АРТ-аймақ;
3) Техникалық аймақ;
4) Дизайн және модельдеу;
5) STEM;
6) Шаңырақ.
Семинардың екінші бөлімі Workshop ретінде «Fablab» зертханасындағы №76 мектеп-лицейі оқушыларының жетістіктерімен бөлісу бойынша диалог алаңына айналды.
Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, қаланың басқа мектептерінде осындай зертханаларды ұйымдастыру мәселесі бойынша кері байланыс берді.
Сондай-ақ, еңбек сабақтарын әдістемелік қамтамасыз ету және оқу шеберханаларының материалдық-техникалық базасын жабдықтау сұрақтары да талқыланды.