«Гринэйктер оқиғалары» спектаклі

2021 жылғы 12 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының  Білім беруді жаңғырту орталығы мен «ӨКМ операторы» ЖШС, «Жас Ұлан» ұйымы  ұйымдастыруымен «Гринэйктер оқиғалары» қойылымы өтті.

«Эко-театр» мақсаты – жас ұрпаққа экологиялық сана қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғау мен қалдық тастау мәдениетін насихаттау.

Еріктілер, ата-аналар және оқушылар қатысуымен «Гринэйктер оқиғалары» қойылымы офлайн режимінде өтті.

Театрдың ерекшелігі – қойылымда ойнайтын актерлер тек оқушылардан тұрады. «Эко-театрды» құру үшін ұлттық командасынан кәсіби мамандар шақыртылған. Орыс драма театрының қоюшы режисерлері балаларға арналған «Гринэйктер хикаясы» ертегісінің желісімен арнайы қойылым әзірледі. Шығармашылық ұжым мектеп оқушыларына эко-мәдениетті өнер арқылы түсіндіруді мақсат етіп отыр.

Спектакльге мектеп жасындағы актерлер, Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп – гимназиясының оқушылары қатысады, театрлық спектакль қоюмен Нұр-Сұлтан қаласындағы М. Горький атындағы орыс драма театрының кәсіби режиссерлері мен қоюшылары жұмыс істеді.

Балалар қатты тұрмыстық қалдықтарды (қағаз, пластик және полиэтилен пакеттер) тапсырып, спектакльге билеттер табыс етілді.

Қойылымнан кейін, сайықмазақтар оқушыларға шебер-сыныбын өткізді. 

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған