Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түзету бағыттары

2021 жылғы 29 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №3 Арнайы мектеп педагогтерінің іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түзету бағыттары»  тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға спикер ретінде мектептің 13 педагогы қатысып, әрқайсысы ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сыныптары өткізілді. Сонымен қатар педагогтердің авторлық жұмыстары бойынша таныстырылымдар көрсетілді,  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі нысандары мен әдістері ұсынылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған