Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары вожатыйларға 2021 жылғы 25 қазан күні №77 мектеп – гимназиясында «Вожатый — көшбасшы» атты оқыту семинар өтті.
Семинардың мақсаты: вожатыйларға консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету, вожатый қызметінің озық тәжірибесін тарату, ұйымшылдығы пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Аталған іс — шарада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Баспасөз және баспа ісі» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлы қатысып, «Бәсекеге қабілеттілік дамудың басты алғышарты» туралы толық ақпарат берді. Дарханұлы Ақжол, №8 мектеп-лицейінің вожатыйы мен Елибаева Гулбахыт Айдаровна, №6 мектеп-гимназиясының вожатыйы Team Building психологиялық тренинг өткізді.
Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, шеберлік сағаттар өткізілді: «Нұр-Сұлтан қаласының аға вожатыйларының қауымдастығы», «Ғылыми және шығармашылық жұмысты ұштастыра білудің маңызы», «Еріктілер қозғалысы мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру құралы», «ALLSTART «Жас-Ұлан мен парламенттің жылдық жұмысы туралы ақпарат» айтылды.
Семинар қатысушылары Данияр Ә.А., Афанасьева С.С., Орынбасар Қ.Е.
өздерінің іс — тәжірбиелерімен бөлісті. Қатысушылар оларға сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарды талқылады, осылайша семинардың қызықты әрі мазмұнды өтуіне ықпал етті.