Робототехника және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шебер-сыныптар

2021 жылғы 15 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен  №49 орта мектебінде жалпы білім беру мекемелері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру жүйесіндегі ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту» тақырыбында робототехника және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шебер-сыныптар өткізілді.

Мақсаты: шығармашылық  тәжірибесі қалыптасатын педагогтің  өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау.

Қосымша білім беру педагогтері шебер-сыныбын көрсетті:

«Робототехника»

  • «Робототехникаға 3 қадам» робототехника үйірмесінің жетекшісі Төлеубеков Т. М., Техникалық шығармашылық орталығы;
  • «Бастауыш мектепке арналған робототехника» робототехника үйірмесінің жетекшісі Ж. Толқын, Техникалық шығармашылық орталығы;
  • «Қозғалтқыштар мен датчиктер» робототехника үйірмесінің жетекшісі Ниязбекова А.Ж., Техникалық шығармашылық орталығы.

«Сәндік-қолданбалы өнер»

  • «Сәнді киімге жабыстырмалы кестелеу» техникалық дизайн бойынша үйірме жетекшісі Г. К. Аитбаева, Техникалық шығармашылық орталығы;
  • «Пенопласттан картина жасау» техникалық дизайн үйірмесінің жетекшісі Арпабаева Р. С., Техникалық шығармашылық орталығы;
  • «Эпоксидті шайырдан картина жасау» техникалық дизайн үйірмесінің жетекшісі Сыздыкова Г. Б., Техникалық шығармашылық орталығы;
  • «Тұзбен декор техникасы» техникалық дизайн үйірмесінің жетекшісі Жылдамқұлова А. Н., Техникалық шығармашылық орталығы.

Қорытындылай келе, қосымша білім беру педагогтері өз тәжірибелерімен және жұмыс дағдыларымен бөлісіп, болашақта практикалық және шығармашылық жұмыстарында өз қолданысын табады. Қатысушылар сұрақтар қойып, ең өзекті тақырыптарды талқылап, осылайша шебер-сыныптар қызықты әрі мазмұнды өтті. Шебер-сыныпқа қатысқан спикерлерге Білім беруді жаңғырту орталығының сертификаты табыс етілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған