«Сапалы оқулық-ұлт игілігі» тақырыбында вебинар

2021 жылғы 11 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен химия және биология пәндері мұғалімдеріне арналып   «Сапалы оқулық-ұлт игілігі» тақырыбында вебинар өтті.

        Вебинарға химия және биология оқулықтарының авторлары Б.С. Тантыбаева және А.Р.Соловьева қатысты.

        Вебинар барысында жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу бағдарламасының  ерекшеліктері, оқулықтардың тұжырымдасы және олардың құрылымы мен мазмұны туралы айтылды. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында әзірленген оқулықтар дәстүрлі  оқулықтардан айтарлықтай ерекшеленеді.  Жаңа оқулықтар тек білімдік ақпарат көзі емес, оқу процесінің навигаторы ролін атқарады. Олардың мазмұны мен әдістемелік ақпараты оқушының өзіндік оқу танымдық қызмет жасау, талдау және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталғанын айтты.

        Вебинарда  мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып белсенді қатысты.  Тәжірибеге бағыталған  вебинарда  оқулық авторлары тарапынан елордалық педагогтеріне деген оң әсер қалдырылып, қызығушылықтарын оятты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған