Педагогикалық  технологиялар жеке тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері

Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шакирова ағымдағы жылдың 5 қазан күні  Нұр-Сұлтан қаласының химия және биология пәндері мұғалімдеріне «Педагогикалық  технологиялар жеке тұлғаны дамыту мен тиімді оқытудың негіздері»  атты вебинар өткізді.

Онлайн тәжірибе алаңында Нұр-Сұлтан қаласының  қаласының №82  Дарын мамандандырылған лицейінің биология пәні мұғалімі Тұрганбекова Айгүл Токтамысқызы, №17 мектеп-гимназиясының  химия және биология пәні мұғалімі Жүсіпова Айнұр Тыныбекқызы,  №54 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Есіркепова Акерке Үсенқызы  және орталықтың әдіскері Ш.Шакирова  іс-тәжірибесіндегі кәсіби дағды мен жинақталған жұмыстың  нәтижелерімен   бөлісті.

Семинар барысында әртүрлі маңызды  тақырыптар бойынша мәселелер көтеріліп,  қатысушылар  өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және тәжірибелерін ортаға салды. Семинар  қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған