SHARE халықаралық жобасы

2021 жылғы 30 қыркүйекте PhD докторы Аюбаева Назипа SHARE халықаралық жобасы аясында 8 мектептің 3 топ қатысушылары үшін (№№27,35,60,62,65,68,77, АКМИ 2) 68 мектеп – гимназиясы базасында жергілікті сессия өткізді.  Сессия барысында бақылаушылар болып желілік үйлестірушілері мен Білім беруді жаңғырту орталығының үйлестірушілері қатысты.

Жергілікті сессияға 40-тан астам педагог қатысты.

Жергілікті сессия барысында 2,5 сағат ішінде әрбір мектеп жоба еріктілерінің жұмысын, қатысушының жауапкершілігі туралы талқылауға мүмкіндік алды.

Модератор Назипа Алтынбекқызы қатысушылармен зерттеушінің негізгі сипаттамасы, AR циклімен бөлісті, сондай-ақ жоба еріктілері жұмысының маңыздылығы мен рефлексивті практиканың рөлі туралы атап өтті.

Сессия соңында қатысушылар өткізілген семинар бойынша кері байланыс берді, жобадағы жұмыс бойынша келісімге қол қойды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған