«Мектепке дейінгі ұйымның үздік қазақ тілі кабинеті» қалалық конкурсы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі кабинеттерінің жабдықталуы білім беру процесін ұйымдастыруға қажетті шарттарға сәйкестігін анықтау мақсатында қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік қазақ тілі кабинеті» қалалық конкурсын өткізді.

Аталмыш конкурсқа қатысуға 23 балабақша өтінім берді. Конкурстық комиссия мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі кабинеттерінің ресімделу, жабдықталу жұмыстарын және нормативтік санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын зерделей келе, жеңімпаздарды анықтады:

І орын – № 32 «Балдәурен» балабақшасы; № 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы

ІІ орын – №4 «Аружан» балабақшасы; № 33 «Алтын дән» балабақшасы; №44 «Үркер» балабақшасы

ІІІ орын – №1 «Бәйтерек» балабақшасы; №26 «Үміт» балабақшасы. №86 «Зияткер» балабақшасы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған