Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларға оқыту семинары

Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі жас орынбасарларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2021 жылғы 23 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері» атты офлайн оқыту семинар өтті.

            Семинардың негізгі мақсаты  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының іскерлік тиімділігі, кәсіби және жеке сапасын арттыру, балаларға оқу -тәрбие жұмысында кәсіби қызметке әдістемелік көмек көрсету.

Аталған іс – шарада Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші сарапшысы Ахметова Ботагөз Салыққызы қатысты, «2021-2022 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқаулықты таныстырып өтті.

            Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, шеберлік сағаттар өткізілді: «Құқықбұзушылықтың алдын-алу жолдары», «Тәрбие жұмысын сапалы жүргізудегі жобалардың маңыздылығы мен жүзеге асырылу деңгейі», «Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру», «Тәрбие жұмысының жоспарын тиімді құру жолдары», «Сынып жетекші жұмысын ұйымдастыру», сонымен қатар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын жобалар туралы айтылды.

Семинарға қатысушылар Ищенко Н.Е, Калтаева Г.З, Кемельбек Б.М, Нургалиева А.К. директордың тәрбие жұмысы жөніндегі тәжірибелі орынбасарлары өздерінің іс – тәжірбиелерімен бөлісті. Қатысушылар оларға сұрақтар қойды, қойылған сұрақтарды талқылады, осылайша семинардың қызықты әрі мазмұнды өтуіне өз үлестерін қосты.

            Семинар қатысушылары үшін мазмұнды әрі пайдалы болды деген ойдамыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған