«Жаһандану дәуіріндегі бейбітшілік: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Бүгін 2021 жылғы 26 мамырда ZOOM онлайн-платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаһандану дәуіріндегі бейбітшілік: экономикадағы, құқықтық және әлеуметтік салалардағы инновациялардың басым бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Конференцияның мақсаты конференция тақырыбы бойынша өзекті ғылыми және практикалық мәселелер бойынша тәжірибе алмасу және пікірталас ұйымдастыруға арналған ақпараттық алаң ұйымдастыру.

Конференцияның салтанатты ашылуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-де өтті, онда Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің директоры М. Кужимов және Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығы» басшысының орынбасары Д. Байтасов құттықтау сөз сөйледі. Жалпы отырыста Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ең үздік спикерлері С.О. Суюндикова, И.А. Морозова, С.С. Соломейна және М.В. Гараева сөз сөйледі.

Әрі қарай жұмыс 5 өзекті бағыттағы секция залдарында жүргізілді:

  • Кәсіпкерлік – адам капиталын дамыту жағдайындағы жаңа экономикалық шындық;
  • Ақпараттық кеңістіктегі заманауи цифрлық технологиялар;
  • Мәдени интеграция процесі ретінде халықаралық қатынастардың дамуы;
  • Қызмет көрсету саласындағы цифрлық өнердің қазіргі даму тенденциялары;
  • Дуалды оқыту жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту факторы.

Конференцияға Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқытушылары, студенттері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен Ресей Федерациясының орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Қазылар алқасының төрағасы — «Атамекен» ӨКП адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Еркалдиновна Рахметова болды. Қатысушылардың баяндамаларын Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту» орталығының әдіскерлері, PhD докторлары және жұмыс берушілер бағалады.

Нәтижелер сағат 15:00-де ZOOM онлайн-платформасында келесідей бөлініп, жарияланды.

Секция №1 «Кәсіпкерлік – адам капиталын дамыту жағдайындағы жаңа экономикалық шындық»

I орын – Шепелев Игорь Михайлович, Лыгалов Никита Викторович, Туранов Алексей Юрьевич, Панова Татьяна Александровна, Красильникова Наталья Алексеевна, Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы, Жетекшілері: Мизонова Вера Владимировна, Соломеина Светлана Сергеевна;

II орын – Астапенко Полина Руслановна, Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі, жетекшісі: Макарова Ольга Ивановна;

III орын – Оралбай Әлішер, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі, жетекшісі: Мукашева Жанаргуль Туякбаевна.

Секция №2 «Ақпараттық кеңістіктегі заманауи цифрлық технологиялар»

I орын – Абдуллаев Ислам Каримжанулы, Болат Даурен Азаматулы,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі»,  жетекшісі: Байменова Асем Рахимовна;

II орын – Смирнова Дарья Алексеевна, «А.Н. Косыгин атындағы Новосибирск кооперативті техникумы» жеке кәсіптік білім беру мекемесі, жетекшісі: Морозова Инга Анатольевна;

III орын – Базарова Камиля Расулкызы, Ғафу Қаирбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясының оқушысы,  жетекшісі: Муратбекова Альмира Кенесовна.

Секция №3 «Мәдени интеграция процесі ретінде халықаралық қатынастардың дамуы»

I орын –Едіге Дильназ, Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжінің студенті, жетекшісі Тлеубергенова Назгуль Жолынбетқызы;

II орын – Жаскайратов Жан Темурович, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі, жетекшісі: Смаилова Сауле Жумагазыевна;

III орын – Тойболдина Данара Армановна, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, жетекшісі: Тунгушпаева Гульнара Кадылбековна.

Секция №4 «Қызмет көрсету саласындағы цифрлық өнердің қазіргі даму тенденциялары»

I орын – Швец Анна Дмитриевна, «А.Н. Косыгин атындағы Новосибирск кооперативті техникумы» жеке кәсіптік білім беру мекемесі, Ресей Федерациясы, Новосибирск, жетекшілері: Хрящева Мария Валерьевна, Морозова Инга Анатольевна;

II орын – Нұрадинова Аружан Нұрадинқызы, «Болашақ» жоғары колледжі, жетекшісі: Сарбалаева Айгүл Шакиқызы;

III орын – Пашкевич Даниил Александрович, «Тұран» колледжі, жетекшісі: Кашапова Гулия Умирзаковна.

Секция №5 «Дуалды оқыту жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайту факторы»

I орын – Абишева Сара Мырзакановна, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі;

II орын – Ойшиева Гулжан Сайлаубековна, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі;

III орын – Темірбек Индира Амандыққызы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға одан әрі сәттілік пен жемісті ынтымақтастық тілейміз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *