«Шуақты мектептер» жобасы — халықаралық серіктеспен жаңа ынтымақтастықтың бастауы

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және Goethe Institut, Ideas Into Energy GmbH — неміс компаниясы, Eclareon GmbH компаниясы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, Германияның Сыртқы істер министрлігінің қаржылық қолдауымен 2021 жылдың 26 мамырда № 46 «Балабақша-мектеп-гимназия Кешені» базасында «Шуақты мектептері» атты халықаралық жобасы ұйымдастырылды.

«Шуақты мектептері» жобасы табиғатты қорғаудың заманауи технологияларын ілгерілетуге қатысу, таза болашақ, жасыл энергетика және тұрақты даму үшін жаһандық қозғалыстың қатысушысы болуға бірегей білім алушыларға мүмкіндік береді. Осы жоба аясында электр энергиясын өндіруге арналған фотоэлектрлік модульдер мектепте орнатылды, сонда күн энергиясы заманауи аккумулятор жүйелерінің көмегімен жинақталады және мектепте қолданылады.

Қазіргі уақытта дәл осындай халықаралық жобаны Мәскеу, Санкт-Петербург, Ульяновск, Самара, Калининград, Уфа, Краснодар қалаларының 8 мектептер жүзеге асырады. Қазақстанда осы жоба Нұр-Сұлтан қаласы «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінде жүзеге асырылады.

Жобаның ашылуына келесі қонақтар қатысты: доктор Tilo Klinner мырза-Қазақстандағы Германия елшісі, доктор Holger Kolley мырза, Welhelm Meyer мырза– Германия елшілігінің экономика бойынша референті, Alexandra Smit-Гете Институт жобаларының жетекшісі.

Өткізілген онлайн-конференцияға мектеп 10-11 сынып оқушыларымен қатар «Шуақты мектептері» халықаралық жобасының жетекшісі Chistoph Urbschat, жоба менеджері Oxana Siegert қатысты.

Күн энергиясының адам өміріндегі рөлі туралы бейнефильм, тақырыптық викторина, театрландырылған көрініс тамашалауға ұсынылды.

Алма Мұхамеджанова, Білім беруді жаңғырту орталығы инновация және ынтымақтастық бөлімінің әдіскері

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *