Astana IB Webinar Series: «Оқыту тәсілдері – сыныпты басқарудың негізі»

2026 жылдың 5 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес Білім беру саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімінің ұйымдастыруымен International Baccalaureate (IB) бағдарламасын іске асыратын мектептерге арналған «Оқыту тәсілдері – сыныпты басқарудың негізі» тақырыбында қалалық IB Webinar Series  вебинары өтті.

Іс-шараның мақсаты – педагогтерге «Оқыту тәсілдері» (Approaches to Teaching) ұғымының сыныпты тиімді басқарудағы рөлін ашу, оқу процесін ұйымдастырудың заманауи жолдарын ұсыну, білім алушылардың белсенділігін арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған кәсіби құзыреттерін дамыту.

Вебинар модераторы – Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК білім беру саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Касенова А.Б.

Спикер «NURORDA» мектеп-лицейінің IB MYP координаторы Қожамсеит Дархан Маултқазыұлы сөз сөйлеп, сыныпты басқаруда оқыту тәсілдерін тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар барысында қатысушылар оқыту стратегияларын жоспарлау, оқу ортасын ұйымдастыру және кері байланыстың маңыздылығы бойынша практикалық ұсыныстар алды. Іс-шара қорытындысында педагогтер өзара пікір алмасып, кәсіби сұрақтарын талқылады.

Аталған вебинарға қатысқан педагогтердің барлығы вебинардың мазмұнына жоғары баға беріп, алынған білімдері мен практикалық ұсыныстарын өз сабақтарында тиімді қолданатынына сенім білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *