Қаржылық сауаттылық мәдениеті – бұл жеке бюджетті саналы басқаруды қамтамасыз ететін білімнің, дағдылардың жиынтығы.
Қаржы мәдениетін жасөспірім ұрпақтың бойында қалыптастыру мақсатында Ұлттық Банк пен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бірлесіп, 2026 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Астана қаласы мектептерінің «Жаһандық құзыреттілік» және «Кәсіпкерлік негіздері» пәндерін оқытатын 150 педагогтің қаржылық сауаттылық бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткізу жоспарланған.
2026 жылғы 2 ақпаннан бастау алған «Қаржылық сауаттылық» курсы тыңдаушылардың қаржылық тәжірибені жеке өмірде пайдалану арқылы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өмір сапасын жақсартуына жол ашады деген сенімдеміз








