2026 жылдың 27 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Медициналық-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымына «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогтердің әдістемелік жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік десант өткізді.
Семинарда әдіскерлер Исина Н.С., Есенбекова А. Е., Айгараева Р.Р. педагогтерді авторлық жұмыстарды дайындау, «Заманауи сабақ. Талаптар мен ұсыныстар» тақырыбында педагогикалық тренингін өткізді, сонымен қатар педагогтерді аттестаттау процедурасының негізгі кезеңдерімен және жұмыс тәжірибесін жинақтау ретімен таныстырды. Семинардың соңында әдіскерлер «Ынтымақтастық педагогикасы» тақырыбында іскерлік ойындар өткізілді. Колледж педагогтері іс-шараның өзектілігі мен мазмұндылығын атап өтті.








