2026 жылғы 26 қаңтар күні «SHARE» халықаралық жобасы аясында мектеп директорларына арналған вебинар өтті.
Вебинар барысында «Басшылардың рөлі туралы әртүрлі көзқарастар» тақырыбында Астана қаласының Қ. Мухамедханов атындағы №90 гимназия директоры Г.Абдраманова, Ақтөбе НЗМ директоры К. Буксукбаев тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, жоба тренерлері Коллин Маклаффлин мен Кейт Эванс жобаны дамытуда директор қолдауының маңызы туралы талқылау жүргізді.
Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып кері байланыс берді.










