«Педагог-шебер» санатына үміткер мұғалімдерге әдістемелік көмек

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  2026 жылдың 23  қаңтар күні «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрықпен таныстыру және аттестаттау шарттарын түсіндіру мақсатында 2026 жылы аттестациядан өтетін «педагог-шеберлер» санатына үміткер педагогтермен онлайн форматта түсіндірме жұмысын өткізді. Іс шараға білім берудің барлық деңгейдегі ұйымдарды 100 шақты педагогтері (мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, ТжКБ және арнайы білім беру ұйымдары) қатысып, өз сұрақтарына жауап алды. Педагогтер портфолио жинақтау, авторлық бағдарламалар, тәжірибені тарату және т.б. мәселелердің бар екендігін айтып, орталық басшылығы және әдіскерлермен бірлесе шешу жолдарын талқылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *