2026 жылғы 23 қаңтар күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында №93 мектеп-лицей базасында бағдарламаны жүзеге асыратын мектеп үйлестірушілері мен педагогтерге арналған «Think Global: Interactive Quest for Teachers» тақырыбында квест форматында практикалық семинар өтті. Семинарға 40 мектептен 56 педагог пен жоба үйлестірушілері қатысты.
Аталған іс-шара педагогтердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталды.
Семинар барысында қатысушылар әртүрлі мазмұндағы интеллектуалдық және интерактивті тапсырмалар орындады.
Сонымен қатар, іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, командалық жұмысты нығайтуға және педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік берді. Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді.








