«Адал азамат» құндылықтарын білім беру үдерісіне кіріктіру: қалалық семинар-практикум

2026 жылғы 21 қаңтарда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Астана қаласы әкімдігінің «№22 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-да «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды білім беру процесіне енгізу» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтеді.

Іс-шараның мақсаты – «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын білім беру үдерісіне кіріктіру, пәндер арқылы оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Семинарға физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысады.

Бағдарлама аясында «ENVIRONMENT» «Жасыл клубының» жетістіктер көрмесі, пленарлық отырыс және форсайт-сессиялар ұйымдастырылады. Пленарлық бөлімде «True Masters» компаниясы «Qalam Masters» және «TanymLoop» платформаларын таныстырады. Сонымен қатар, Қазақстанның Ядролық қоғамы жанындағы Атомдық технологиялар ақпараттық орталығының директоры Алиев Сеит Абеуханович, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кертаева Галиябану Махметовна мазмұнды баяндамалар жасайды.

Практикалық бөлімде пәндер бойынша ашық сабақтар, жасанды интеллектті қолдану, геймификация және «Адал азамат» құндылықтарын кіріктіру тәжірибелері ұсынылады. Іс-шара соңында рефлексиялық талқылау өткізіледі.

Аталған семинар-практикум педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәрбие құндылықтарын білім беру мазмұнымен үйлестіруге бағытталған маңызды әдістемелік алаң болмақ.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *