АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ№58 «ӨРКЕН» БАЛАБАҚШАСЫНДА «ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ» ӨТТІ

2026 жылғы 16 қаңтар күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №58 «Өркен» балабақшасында «Әдістемелік десант» және құзыреттілік орталықтары жұмыстарына әдістемелік көмек жүргізілді.

Әдістемелік десант барысында балабақшаның 12 тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысып, педагогтердің жұмысына талдау жасалып, кері байланыс берілді.

Іс-шара аясында:

  • 2025–2026 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
  • нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс;
  • перспективалық жоспар мен циклограмма жазу;
  • баланың жеке даму картасын толтыру талаптары;
  • құзыреттілік орталық қызметінің бағыты бойынша жұмыстар;
  • консультациялық пункттердің жұмысы;
  • құзыреттілік орталығы бойынша іс-шаралар:
  • педагогтерді аттестациялау материалдарын бағалау критерийлері;
  • авторлық жұмыс жазу жолдары қарастырылды.

Іс-шара соңында рефлексия жүргізіліп, педагогтер өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *