2025 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Қазақстандық Халықаралық Колледжімен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері арасында қалалық олимпиада өткізді. Іс-шара білім алушылардың тілдік даярлық деңгейін анықтауға және ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Қатысушылар грамматика мен лексика бойынша білімдерін, сондай-ақ шет тіліндегі мәтіндерді оқу және түсіну дағдыларын көрсетті. Олимпиадаға барлығы 27 колледжден 100-ден астам студент қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Олимпиаданың өткізілуі тілдік білім беру сапасын арттыруға және білім алуға бағытталған ынтасын күшейтуге ықпал етті.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері ағылшын тілінен білімдерін сынады








