2025 жылдың 23 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының музыка пәні жас мамандарына арналған «Құндылыққа негізделген білім-ұлт болашағының кепілі» тақырыбында қалалық оқыту семинары ТОО «Intellect» Primary School мектебінде өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – білім алушыларды кешенді дамытуда өзекті мәсеелерді шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға педагогтер әулетін бағыттау, ұлттық салт-дәстүр арқылы білім алушының ынтымақтастығы мен санасын қалыптастыру.
Семинар барысында қала педагогтері шебер-сыныптар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтар болсақ әдістемелік орталдығының орта білім беру бөлімінің әдіскері Каракеева Закира Курманбековна «Музыка сабағында құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті, Ы. Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейінің музыка пәні мұғалімі Такеева Айгуль Какимовна «Балалар музыкалық аспаптарының түрленуі: Сибелиус» бағдарламасы» тақырыбында, ТОО «Intellect» Primary School мектебінің музыка мұғалімі Хадыл Гульзат «Музыкадағы табиғат құбылыстары» тақырыбында шебер сыныптар және Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі композитор Едресов Қанат Уәлиұлы «Бәрі сен үшін –жас ұрпақ» тақырыбында балалар әндерін үйретуде өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар кезінде жас мамандардың сұрақтарына шебер ұстаздар толық, тиянақты жауап берді. Қатысушылар семинарды рефлексиямен аяқтады. Іс-шараға қатысқан педагогтерден кері байланыс алынды. Іс-шараға білім беру ұйымдарынан 14 педагог қатысты.








