2025 жылғы 12 желтоқсан күні №73 мектеп лицейінде Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінде білім алушылардың өз ойларын еркін, ауызша және жазбаша жеткізе алуын қамтамасыз ететін орта құру арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін жоғарылату және тілдік қабілеттерін дамыту мақсатында «Ойын технологиясы арқылы баланың сөйлеу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды сынып педагогтеріне арналған қалалық семинар өтті.
Іс-шарада Ф.Оңғарсыновна атындағы №77 мектеп-гимназиясының директордың бастауыш сынып оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Сайлаубек Динара тілді меңгерудегі сыни педагогикалық әдебиеттерге шолу жасап ұйымдағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды таныстырды.
Семинарға пилоттық жобаға қатысушы 23 білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтері мен мектепалды сынып педагогтері қатысты.









