Мемлекеттік аттесттаттаудан өтетін жекеменшік балабақшаға әдістемелік күн өтті

2025 жылғы 15 қаңтарда Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің жұмыс тобымен бірге ЖШС «Great children» жекеменшік балабақшасында әдістемелік күн өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізуге әдістемелік қолдау көрсету. Әдістемелік көмек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде көрсетілді.

Кездесу барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламасының талаптарын сақтау, ұйым қызметінің үлгілік қағидаларын орындау, тәрбиеленушілердің даму мониторингін жүргізу, жас топтарын қалыптастыру және Ұлттық білім беру деректер қорының құжаттармен сәйкестігі мәселелері қарастырылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *