2025 жылғы 02 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МККҚ арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскерлері №66 «Толағай» балабақшасында әдістемелік күн өткізді.
Мақсаты: тәрбиешілер мен арнайы мамандарға ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқытуды реттейтін инклюзивті және арнайы білім берудегі нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік көмек көрсету барысында тәрбиешілер мен арнайы педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ерекшеліктерімен, ППҚ қызметін ұйымдастырумен танысты. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістері мен тәсілдері көрсетілді.
Арнайы педагогтермен кері байланыс жүргізілді. Әдістемелік күн барысында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.








