«Мен – кәсіпкер» турнирі: елордалық студенттердің жеңісі

2025 жылғы 03 қараша мен 01 желтоқсан аралығында 10 бағыт бойынша еліміздің барлық өңірлерінен қатысқан бастамашыл және талантты колледж студенттерін біріктірген «Мен – кәсіпкер» республикалық Гранд-турнирі өтті. Қатысушылар өздерінің бизнес-идеяларын ұсына отырып, жоғары дайындық деңгейін, креативтілігін және Қазақстандағы кәсіпкерлік бастаманы дамытуға деген ұмтылысын көрсетті.

            «Мен – кәсіпкер» байқауы тек идеялар таныстырылатын алаң ғана емес, тәжірибе алмасу, сарапшылармен танысу және кәсіби ұсыныстар алу мүмкіндігі бар маңызды платформаға айналды. Көптеген қатысушылар үшін бұл – нақты кәсіпкерлікке жасалған сенімді қадам болды.

            Байқау қорытындысы бойынша Елорда колледждерінің студенттері жүлделі орындарға ие болып, кәсіби деңгейін және көшбасшылық қасиеттерін дәлелдеді:

1-орын – «Өндіріс, технологиялар, ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша «Astana IT University» колледжінің студенті Серікбек Жасұлан (жетекшісі – Талдаубек Арай);

2-орын – «Білім, ақпарат және цифрлық технологиялар» бағыты бойынша «Astana IT University» колледжінің студенттері Самархан Әнель, Гибатоллаев Ағыбай (жетекшісі – Қанат Бегарыс Нұрланұлы);

3-орын – «Сауда» бағыты бойынша Жоғары колледж «ASTANA POLYTECHNIC» студенті Калиев Алан (жетекшісі – Сембина Майра Тұрсынханқызы);

3-орын – «Қонақ үй ісі, тамақтануды ұйымдастыру» бағыты бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенті Жаманбаева Динара (жетекшісі – Разбекова Жұлдыз Жеңісовна);

3-орын – «Туризм» бағыты бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық Жоғары колледжінің студенттері Сайлау Нұрәсем, Амантай Ерасыл, Мұхтар Аяулым (жетекшісі – Бәкірбекова Анар Төлеубекқызы).

            Жеңімпаздардың жұмыстары практикалық маңыздылығымен, инновациялық тәсілімен және нарыққа енгізуге нақты әлеуетімен ерекшеленді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *