Бұл семинар мектепішілік бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оқу-тәрбие үрдісін басқару мен бақылаудың тиімді жолдарын анықтауға бағытталды. Оқыту мен дамытуға арналған бұл іс-шара мектептердің басқарушылық қабілетін арттыруға, білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз етуге әрі сапалы білім беруді ұйымдастыруға зор серпін береді. Семинар барысында І. Жансүгіров атындағы № 58 мектеп -гимназия оқу, тәрбие және бейіндік оқыту жұмыстары бойынша орынбасарлар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың күн тәртібіне келесі негізгі мәселелер енгізілді:
- Мектепішілік бақылау құжаттамасын жүргізу барысында кездесетін олқылықтар: Бұл бөлімде бақылау құжаттарының дұрыс жүргізілуі мен жиі кездесетін қателіктер талқыланды, әрі олардың алдын алу тәсілдері ұсынылды.
- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуы. Оқу процесін бақылауға қойылатын талаптар: Стандарттардың сақталуы мен орындалуындағы негізгі талаптар, бақылаудың әдістемелік аспектілері қарастырылды.
- Оқушы жетістігін бағалау құжаттарын бақылау: Оқушылардың жетістіктерін дұрыс бағалау және жазбалардың нақтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету әдістері талқыланды.
- Оқу бағдарламалары мен КТЖ нормативтері: Білім беру бағдарламалары мен қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптары мен стандарттары кеңінен түсіндірілді.
- Қауіпсіз орта қалыптастыруда тәрбие үрдісі субьектілерін бақылау: Балалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету мен тәрбие процесінің тиімділігін бақылау шаралары баяндалды.
Семинарға қатысушылар үшін бұл шара кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, білім беру сапасын жақсартуға және мектеп басқаруындағы заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге арналған маңызды алаң болды.








