2025 жылғы 3-5 қараша күндері Алматы қаласында “ Дұрыс тамақтану” жобасы аясында «Салауатты ұрпақ тәрбиелейміз» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Конференцияға Әдістемелік орталықтан Досмухамет А.Д., Шаяханова Р.А. спикер ретінде қатысты. Сондай-ақ Грузия, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы өкілдері, Астана, Алматы қаласының педагогтері де қатысып «Салауатты ұрпақ» тәрбилеуде өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара барысында «Әдістемелер» байқауының Республикалық кезеңі өтті. Астана қаласынан қалалық кезеңінің 3 (#6, 8, 52 мектеп)жеңімпаз педагогтері қатысты.Нәтижесінде: гран-при N6 гимназия мұғалімі М.Шапошникова, 2-орын-Б. Майлин атындағы N52 мектеп-гимназия мұғалімі С.Оспанова, 3-орын- N8 мектеп-лицей мұғалімі А. Габдуллина марапатталды.
Іс-шара соңында, қатысушылар кері байланыс беріп, жоба аясында алдағы уақыттағы жоспарды талқылады.











