2025 жылғы 30 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның жылдық жоспарына сәйкес Психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес орталығы, Психологиялық қолдау орталығы мамандарының қатысуымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Балабақшада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында семинар- практикум өтті.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
— білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мазмұны;
— ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арнаулы жағдайлар жасау және ПМПК-ның рөлі;
— инклюзивті қолдау кабинетінің жұмысын ұйымдастыру;
— педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігі.
Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 99-ға жуық басшылары қатысты. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен ПМПК арасындағы өзара жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы алгоритм жасау ұсынылды.








