2025 жылғы 29 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК IT және баспа бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен №115 жалпы білім беретін мектеп базасында орта білім беру ұйымдары мұғалімдеріне арналған«AI ROBOTICS – 2025» қалалық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты-мұғалімдердің жасанды интеллект пен робототехника саласындағы білімін арттыру, тәжірибе алмасу және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Семинар барысында:
– ЖИ-ді білім беру процесіне енгізу тәжірибесі таныстырылды;
– STEM және робототехника бағыттарында практикалық жұмыстар өтті;
– мұғалімдер өз авторлық жобаларын, инновациялық әдістерін және заманауи IT құралдарын ұсынды.
Диалог алаңдары:
– «Жасанды интеллект білімде» секциясында қатысушылар AI құралдарын сабақта қолданудың тиімділігі мен шектеулері талқыланды.
– «ЖИ және креативті индустриялар» секциясында мұғалімдер Chatbot, Teachable Machine және шығармашылық жобалардағы AI рөлі көрсетілді.
– «ЖИ және робототехника» бағытында дрондар мен 3D-технологияларды біріктірген практикалық жобалар таныстырылды.
Семинар шеңберінде өткен «AI Robotics & Drone – 2025» робототехника чемпионатына:
– «Робо-ГИД» бағыты бойынша 15 топ;
– «Басқарылатын дрондар» бағыты бойынша 15 топ қатысып, өз шеберліктерін сынады.
Нәтижесінде келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Робо-ГИД» бағыты бойынша:
- 1 орын – Мәлік Татяна Нұрланқызы;
- 2 орын – Айтбағамбетов Бекімжан Есенұлы;
- 2 орын – Ахметханова Сандуғаш Манарбекқызы;
- 3 орын – Инирбай Лаура;
- 3 орын – Елубаева Гүлмария Сүйинишқызы;
- 3 орын – Сейдуалиева Арайлым Уристемқызы;
«Басқарылатын дрондар» бағыты бойынша:
- 1 орын – Аубакиров Дархан Валиханулы;
- 2 орын – Тюлеген Амангелді Каирбекұлы;
- 2 орын – Әуесхан Рауан Темірханұлы;
- 3 орын – Қабден Уәли Амангелдіұлы;
- 3 орын – Мырзабеков Жандос Сайлауұлы;
- 3 орын – Сарбасова Айбала Есенғалиқызы;
Чемпионаттан кейін қатысушылар AEROO компаниясының негізін қалаушысы Рыспай Алихан Есімханұлының жетекшілігімен өткен дрон-футбол шеберлік сабағына қатысты.
Бұл ерекше тәжірибе барысында қатысушылар дрондарды басқаруды, ұшуды және командалық жұмыс дағдыларындағы дрондарды қолдану біліктіліктерін үйренді әрі жетілдірді.








