«Зерттеу мақаласын даярлау және жариялау қадамдары» атты республикалық веб-конференциясы

2025 жылғы 29 қазанда Астана қ. әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес педагогтердің зерттеу әлеуетін арттыру мақсатында Білім беру саласындағы зерттеу және ынтымақтастық бөлімі «Зерттеу мақаласын даярлау және жариялау қадамдары» атты республикалық веб-конференция өткізді.

Іс-шара мақсаты – педагогтерге зерттеу мақаласын жазу әдістемесін, құрылымдық ерекшеліктерін және рәсімдеуге қойылатын талаптарды түсіндіру.

Кіріспе сөзді Астана қ. Әдістемелік орталығының бөлім басшысы, «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналының бас редакторы Касенова Альбина Бақытбекқызы айтып, педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту мен тәжірибеге енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Веб-конференция барысында спикерлер мына тақырыптар бойынша сөз сөйледі:

· «Сапалық зерттеу құралдары. Сапалық зерттеу құралдарын практикада қалай қолданамыз?»

Құлмағамбетова Ақсұлу Шынболатқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, Назарбаев Университетінің докторанты, «Zertte» журналының редакциялық алқа мүшесі.

· «Білім беру саласындағы зерттеу мақаласын құрылымдау: IMRaD моделін оңай түсіндіру»

Сайлыбаева Айгүл Сағынғанқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің докторанты, «Zertte» журналының редакциялық алқа мүшесі.

· «Зерттеу мақаласын жазу және жариялау»

Әзімбай Бибігүл Кәрімбердіқызы, Астана қ. Әдістемелік орталығының әдіскері, «Zertte» журналының жауапты хатшысы.

Іс-шара соңында қатысушылар кері байланысқа шығып, пікір алмасты. Педагогтерге зерттеу мақаласын жазу бойынша әдістемелік көмек көрсету өз жалғасын табады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *