Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығы мүшелерінің қалалық семинары

2025 жылдың 28 қазанында Астана қаласындағы №75 мектеп-гимназиясында «Современные подходы к преподаванию русского языка: традиции и инновации» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығы мүшелерінің қалалық семинары өтті.

Елорда педагогтері орыс тілін оқытудың өзекті мәселелерін талқылап, шеберлік сабақтарын өткізіп, инновациялық оқыту әдістерін енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Әсіресе дәстүрлі тәсілдерді цифрлық технологиялармен ұштастыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар кәсіби қарым-қатынастың жылы әрі шығармашылық атмосферасында өтті. Қатысушылар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, №75 мектеп-гимназия ұжымына қонақжайлылығы мен мазмұнды бағдарламасы үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *