Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тиімді басқару – сапалы тәрбиелеу мен оқыту процесін қамтамасыз етудің негізгі шарты.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меңгерушілерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, басқару мәдениетін дамыту әрі білім беру сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 13-22 қазан аралығында «Балаларды ерте дамыту инстиуты» РММ ұйымдастыруымен Астана қаласының мемлекеттік нысандағы балабақша меңгерушілеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджмент» тақырыбындағы 72 сағаттық қысқа мерзімді бюджеттік негіздегі біліктілік арттыру курсы өтті.
Курс барысында тыңдаушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тиімді басқарудың заманауи менеджмент қағидаттарымен танысты, түрлі практикалық тапсырмалар, кейс-стади, тренингтер арқылы ұйымның даму стратегиясының бағыттарын айқындау, жобалау, инновациялық тәжірибені енгізу бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді.








