2025 жылғы 21 қазанда Астана қаласы колледждерінің студенттері арасында «Мен-кәсіпкермін» өңірлік бизнес — жобалар байқауының қорытындысы шығарылды. Жобалар 10 бағыт бойынша ұсынылды.
Байқау кәсіпкерлік дағдыларды, креативті ойлауды дамытуға және жастардың бизнес-қызметке деген қызығушылығын қолдауға бағытталған.
Студенттер дайындықтың жоғары деңгейін, шығармашылықты және нарықтың заманауи талаптарын ескере отырып, бизнес-идеяларды әзірлеу қабілетін көрсете отырып, өзіндік идеялар мен жобаларды ұсынды.
Қазылар алқасы жобаларды идеяның өзектілігі, экономикалық негізділігі, инновациялылығы, практикалық іске асырылуы және қатысушылардың таныстыру дағдылары сияқты критерийлер бойынша бағалады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жарыстың келесі кезеңінде сәттілік тілейміз!








