23 қазан күні №59 мектеп-лицейінде «Білім беруді цифрлық трансформациялау: жасанды интеллекті және Google Workspace for Education экожүйесі» тақырыбында қалалық шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатының спикері — «STEM Solutions» компаниясының даму жөніндегі менеджері Али Ғалымжанұлы.Google for Education-ның Қазақстандағы ресми серіктесі ретінде ол қатысушыларды платформаның мүмкіндіктерімен таныстырды.
Іс-шараға Астана қаласының информатика пәні мұғалімдері қатысты. Мақсаты — білім беру процесіне жасанды интеллект (ЖИ) пен Google Workspace құралдарын тиімді енгізу жолдарын көрсету және тәжірибе алмасу.
Бағдарлама аясында келесі тақырыптар қамтылды: білім берудің жаңа дәуірі және ЖИ, Google Workspace for Education платформасының мүмкіндіктері, практикалық демонстрациялар: NotebookLM құралдары, енгізу жолдары және сұрақ-жауап сессиясы.
Іс-шара барысында мұғалімдерге Gemini Lab жол картасы таныстырылып, ЖИ-ді сабақта қолдану бойынша нақты сценарийлер ұсынылды. Сонымен қатар, Google Workspace құралдарының оқыту мен әкімшілік процестерді жеңілдетудегі рөлі көрсетілді.